Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның барлық саласындағы маңызды міндет. Балабақша – біртұтас ағза іспетті, ондағы барлық қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау және олардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті толық өз мойындарына алады. Балабақша аумағында орналасқан жабдықтар (шағын формалар, денешынықтыру құралдары және т. б.), балабақша ғимараты, топтық үй-жайлар мен кабинеттер жылына екі рет міндетті түрдегі тексеру актілері жасала отырып қаралады. Сондықтан да тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – кез келген басшының міндеті. Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай өртке қарсы, санитариялық, техникалық нормалар мен ережелердің сақталуы бақшадағы қауіпсіз жағдайлардың кепілі болып табылады. Білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ережені қамтитын негізгі нормативтік құқықтық акт «Білім беру туралы» ҚР Заңы болып табылады. Аталған Заңның 45-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілер мен жұмысшылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік білім беру ұйымының басшысына жүктелді. Балабақша қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайын жасаудың маңыздылығы да одан кем емес