МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Медицина қызметі жоғары деңгейде. Білікті медициналық кадрмен қамтамасыз етілген. Балалар мен олардың ата-аналарына ақыл кеңестер берумен қатар іс жүзіндегі емдеу ісі де жүргізіледі. Балаларды шынықтыру шараларын бақылап, аурушаң балаларды «Д» есебіне алады. Ата-аналарға сәбилердің денсаулықтары жайлы мәлімет беріп отырады және оқу жұмыстарын уақтылы жүргізеді. Туберкулезға қарсы балаларды тексеріп отырады. Топтағы балалардың антрометриялық мәліметіне талдау жасалып отырады. Балалардың дене тәрбиесіне бақылау жасалады. Ас мәзірі уақытында құрылып, балалардың тамақтарына бақылау жасалады. Балалардың балабақшаға кіруіне байланысты ата-аналармен нұсқау жүргізіледі. Тәрбиешілермен, тәрбиешінің көмекшілерімен, асхана қызметкерлерімен санитарлық мөлшермен дезинфекциялық тәртіпті сақтау жайлы түрлі сабақтар өтіледі. Балалардың ауруларын төмендету бойынша түрлі іс-шаралар жүргізіледі, санбюллетендер шығарылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмысы жөнінде айлықтар мен онкүндіктер жоспары құрылған.