БАЛАБАҚША ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Баланы топтың күн тәртібіне сәйкес тәрбиешінің қолына тапсырып және алып кететін кезінде тек қана ата-анасы алу керек .
  2. Әрбір топ жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспары негізінде бала жасына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жасау.
  3. Егер балабақшада бала денсаулығының нашарлағанын сезсе, онда балабақша медбикесі алғашқы көмек көрсетеді, ата-анасын шақырады, өте қажет болған жағдайда «жедел жәрдем» шақырады.
  4. Бала науқастанып келмеген жағдайда немесе демалыста болған жағдайда дәрігерден анықтама алып келуі тиіс (таңертеңгі қабылдау кезінде топ тәрбиешісіне тапсыру керек).
  5. Күнделікті серуенге 2 рет шығарылады: «қолайлы киінсеңіз жаман ауа райы жоқ» (қолайсыз ауа райы немесе басқа да жағдайларда серуендеу кейінге қалдырылады).
  6. Баланың жалпы келбетіне тиісті шараларды орындау керек:таза, ұқыпты түрі, барлық киіммен аяқ киіміндегі түймелері мен замоктары салынып туру керек;мұнтаздай таза беті;мұрыны, қолы таза болуы, тырнағы қиылған;ішкі киімдерінің таза болуы;